2 сәуірде “Чермошнян ОМ” КММ балаларды қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Әр сынып жетекшісі балаларды қашықтықтан оқыту ерекшеліктері туралы ақпараттық презентациялар мен бейнероликтерді жіберді. Ата-аналармен қарым-қатынас WhatsApp бойынша өтті. Ата-аналар жағдайды түсініп, осы жұмыс режимін қолдайды. Сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.